Ырғыздық кәсіпкер баспанасы суға кеткен отбасыға пәтер сыйлады
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Баспаналарын су басқан тұрғындарға жәрдем беру үшін құрылған "Қолғанат" қайырымдылық қорының шотына бүгінге дейін 168 млн. теңгеден астам қаржы жиналған. Бүгін су тасқынынан зардап шеккен тағы бір отбасы пəтерлі болды. Облыс əкімінің тапсырмасын бүгін Ырғыз ауданы орындады. Ырғыздық кəсіпкер қала тұрғыны Айгүл Қисықоваға екі бөлмелі пəтер сыйлады. 10 адам тұратын отбасында мүгедек бала бар. 2014 жылдан бері АЗФ-3 бау-бақша ұжымында тұрған. Су тасқынынан зардап шеккен 12 отбасы аудан əкімдерінің қолдауымен баспаналы болды. 86 отбасыға жер беріліп, қазір үй салып жатыр. Бүгін Ілияс Испанов пен депутаттар қалалық жергілікті полиция қызметінің жаңа басшысын тағайындады. Бұл қызметті бүгіннен бастап облыстық жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы Қанат Əлиев басқаратын болды. Ал, өткен жылы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы болған Арман Өтешов қызметтен кету себебін түсіндірмеді. Қала әкімінің айтуынша, ол басшылық қызметтен өз еркімен кеткен.