Monday, 15 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Брюссельде болған жарылыстардан қаза тапқандар саны артуда

Брюссельде болған жарылыстардан қаза тапқандар саны артудаУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Түркиядағы қайғылы оқиғаның ізі суымай жатып, Бельгияда бүгін бірден 6 жарылыс болды. Алғашқы екеуі Брюссель әуежайында ұйымдастырылған. Салдарынан 17 адам қаза тапқан. Тағы 80-дан астамы жарақат алды. Қанды оқиғадан кейін әуежайдағы адамдар дереу қауіпсіз жерге көшіріліп, рейстердің барлығы кейінге шегерілді. Әуежайға қатынайтын теміржол қозғалысы да тоқтатылған. Брюссельдегі меншікті тілшіміз Жанат Эрнсттің хабарлауынша, көп ұзамай жергілікті метрода тағы 2 жарылыс болған. Бельгия премьер-министрі шұғыл отырыс өткізіп, халықты сабырлық танытуға шақырған. Ал бірер сағаттан кейін метрода тағы екі жарылыс болды. РБК-ның хабарлауынша, жерасты жолында болған төтенше жағдай салдарынан шамамен 20 адам қаза тапқан. Федерика Могерини, Еуроодақтың сыртқы істері және саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі -Бүгін бүкіл Еуропа үшін қаралы күн. Біз Брюссельдегі жағдайды қаперде ұстап отырмыз. Дегенмен, бұл қасіреттің астарында қандай зұлмат тұрғанын бәріміз білеміз. Қаншалықты қиын болса да, оларға бірігіп қана төтеп беру керек. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми мәліметінше, Брюссельде болған лаңкестік әрекеттерден зардап шеккендер мен жараланғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
Мой аккаунт