Thursday, 25 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Мүгедек балалар жаңа жылды тойлады

Мүгедек балалар жаңа жылды тойладыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Қалалық әлеуметтік көмек орталығы бүгін сал ауруына шалдыққан балалар үшін мерекелік шара өткізді. Ертегі кейіпкерлері мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілін көтерді. 25 бала қызықты жаңа жылдық мерекеге куә болып, сыйлықтар алды. Солардың бірі дәстүрлі шырша тойы. Қалалық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылған шараға келген балалардың жасы 4 пен 23-тің аралығында. Бірінің туылғанда жұлыны зақымданса, енді бірі даун синдромы, эпилепсия дертіне шалдыққан. Бұл орталықта мүмкіндігі шектеулі 220 бала тіркеуде тұр. Қалалық әлеуметтік көмек орталығы 2005 жылы ашылды. Қазір мұнда 34 әлеуметтік қызметкер бар. Олар аптасына 2 рет мүгедек балалардың үйлеріне барады. Ата-аналарға жәрдемдеседі. Аталмыш орталықта ересектерге арналған 8, балаларға арналған 2 бөлім бар. Жаңа жылдық қызықтарды теледидардан ғана тамашалап, құрдастарымен асыр салып ойнай алмайтын бүлдіршіндер ешқашан назардан тыс қалмайды. Әлеуметтік қызметкерлер мұндай балалардың үйін аралап, сыйлықтар таратады. Бүгін олардың сыйлықтарын үйлеріне жеткізді.
Мой аккаунт