У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
«Жаңа Заң қоғамдық пікір туғызуда. Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістерге көндіге қараған жұрттан үрке қабылдағандар көп. Сондықтан, жүргізушілерге әзірге жаңа заң шеңберінде ешқандай айыппұл салынбайды. Әзірге тек түсіндірме жұмыстары ғана жүргізілуі тиіс». Бұл туралы бүгін біздің арнаға сұхбат берген облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, заң күшіне енгенімен министрлік тарапынан шара көру туралы тапсырма берілмепті. Алайда қашаннан бастап, шара көрілетіні туралы да ақпарат жоқ.