Sunday, 21 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Мүгедектердің құқығы қалай қорғалмақ?

Мүгедектердің құқығы қалай қорғалмақ?У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
ҚР «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын бірқатар өзгерістер мен толықтырулар күтіп тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері бүгін біздің қалаға келіп, ақтөбелік мүгедектерге жаңа заң жобасын таныстырды. Алты жыл бұрын елбасы мүгедектердің құқығын қорғау туралы халықаралық конвенцияға қол қойды. Содан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары қолданыстағы заңнаманы осы конвенция талаптарына сәйкестендіру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде, министрліктегілер қазіргі заңға 24 нормативтік құқықтық акті бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу керек деп шешті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Әли Аманбаевтың айтуынша, заңнамада ең біріншіден мүгедектерге қажетті нысандар мен қызметтерді қолжетімді ету көзделген. Мәселен, мүгедек адамның пәтерін өзіне ыңғайлы етіп жарақтау үшін мемлекеттен қаржы бөлу туралы ұсыныс бар. Заң жобасында сондай-ақ, 3-ші топтағы мүгедектердің тұрғын үй кезегіне тұру құқығы, мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасылы болу құқығы, түзету орындарында отырған мүгедектердің құқығы туралы ұсыныстар келтірілген. Министрліктен келген қонақтар біздің қалада бірнеше күн болып, заңдағы өзгеруі тиіс баптар туралы ақтөбелік мүгедектердің пікірлерін жинайды. Бүгін талқыға түсіп жатқан жоба осы жылдың күзінде қабылданады.
Мой аккаунт