Monday, 15 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Еріктілер есепке алынады

Еріктілер есепке алынадыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Жақын болашақта Қазақстанда "Еріктілер қызметі туралы" Заң қабылданады. Заң жобасы биыл ғана жасалған. "Ұлттық волонтерлік желі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Вера Ким бастаған топ ел аралап, заң жобасына қатысты ұсыныстар мен пікірлерді жинап жүр. Олар бүгін құжатты ақтөбеліктерге таныстырды. "Еріктілердің қызметі туралы" Заң волонтерлар жұмысының құқықтық негіздерін бекітеді. Волонтерлық қызметтің мақсаты мен міндетін анықтайды. Әзірге жоба түріндегі құжат 4 бөлім, 16 баптан тұрады. Заңда "еріктілік қызмет", "ерікті", "еріктілер ұйымы" сияқты түсініктер нақтыланады. Еріктілердің ортақ электронды базасы жасақталып, әр ерікті нөмірленеді. Ал, "ерікті" атағы жасы 16-дан асқан азаматтарға берілетін болады. Біздің қалада 200-ге жуық ерікті бар екен. Заңның түпкі нұсқасын қабылдамастан бұрын жұмысшы топ әлем елдеріндегі еріктілер қызметі туралы заңдарды да ескермек. Мұндай заң қазір Польша, Молдова, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания мемлекеттерінде бар. Еріктілер жұмысын заңдастырудың әлемдік тәжірибесі туралы халықаралық ерікті Джи Хюн Янг айтып берді. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1985 жылы 5-ші желтоқсанды Дүниежүзілік еріктілер күні деп бекіткен. Содан бері өздерінің бос уақыттарын қоғамның игілігі үшін жұмсайтын адамдар жыл сайын осы күні қызметтерін қорытындылайды. Қазақстандағы еріктілердің қызметі туралы Заң келесі жылдан қалмай, қабылдануы тиіс.
Мой аккаунт