У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Сапарбаевтың соты басталды. Ақтөбе облысының әкімі өз құқын Астана сотында қорғап жатыр. Бердібек Мәшбекұлы өзіне дәлелсіз жала жауып, ар-намысыма нұқсан келтірді деп азаматтық белсендінің үстінен шағымданған болатын. Жер сату мәселесіне қатысты айтылған мәлімдеменің қай сөзі шенеуніктің шамына тиді? Және моральдық шығын есебінде қанша өтемақы сұрап отыр? Бұл сұрақтарға Сапарбаев мырзаның өзінен жауап алу мүмкін болмады. Өйткені, аймақ басшысының орнына заңды өкілі келіпті.