Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Атырау қ. экс-әкімі "Бергей ісін " тергеушілер қолмен жасап отыр" деген ашық пікірін білдірді.

Атырау қ. экс-әкімі  "Бергей ісін " тергеушілер қолмен жасап отыр" деген ашық пікірін білдірді.У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның қылмыстық тобына қатысты сот таңдалымдары бір айдан бері жалғасып жатыр. Бүгін Атырау қаласының экс-әкімі Асқар Керімов "Бергей ісін " тергеушілер қолмен жасап отыр" деген ашық пікірін білдірді. Соттың үшінші, ең даулы бөлігі басталды. Жауап беруші орындығында отырғандар - Атырау облысының бірінші басшылары. Нысандарды өз аттарына аударып алу ісі бойынша бас айыпталушы - қаржы басқармасы бастығының орынбасары Серік Демиденов. Ол бір күн бойы сұрақтарға жауап берді. Оның берген түсініктемесіне облыстың бұрынғы әкімінің орынбасарлары - Болат Дәукенов, Асқар Әбдіров пен Жантеміров қарсы шығуға тырысты. Сондай-ақ, бүгін Атырау қаласының экс-әкімі Асқар Керімов көптеген хаттамаларды тергеушілер қолдан жазғанын және олардың қолы қойылмағанын айтты. Қаланың бұрынғы басшысын Атырау-Ақпарат пен облыс әкімдігі маңындағы қосымша ғимаратты жеке меншікке аудару туралы қаулыны жазбаша бергені үшін айыптаған. Бірақ бұл құжат істе тіркелмеген болып шықты.
Мой аккаунт