У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Халқымыздың діни тұтастығы мен рухани жасампаздығын қамту үшін дәстүрлі исламды кеңінен насихаттау қажет. Астанада өткен екінші республикалық имамдар форумында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осындай үндеу айтты.
Келелі жиын Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Мемлекет басшысының құттықтау сөзін оқып беруден басталды. Басқосуға еліміздің барлық өңірлерінің имамдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы және шет мемлекеттердің діни бірлестік өкілдері қатысты.
Имамдар Елбасының рухани жаңғыру турасындағы мақаласын талқылап, жамағаттың діни қажеттіліктерін өтеу, этносаралық және конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты саралады.