Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Б.Сапарбаев: соңғы 5 айда елімізде 70-ке жуық бала суицид жасаған

Б.Сапарбаев: соңғы 5 айда елімізде 70-ке жуық бала суицид жасағанУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Соңғы 5 айда елімізде 70-ке жуық балалар суициді тіркелді. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Жасөспірімдер суицидінің және балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу мәселелері жөнінде кеңес барысында вице-премьер бұл саладағы негізгі проблемалардың ішінде мемлекеттік органдардың жолға қойылған жүйелі жұмысының жоқтығына тоқталды. Арнайы мамандардың сылбыр жұмысы, мұғалімдер мен ата-аналардың өзара іс-қимылының аздығы да айтылды. Вице-премьер Бердібек Сапарбаев өзіне-өзі қол салуды тоқтату бағытында атқарылған жұмыстың нәтижесін тыңдады. Көңілі толмады. Айтуынша, тек соңғы 5 айда 1 мың адам өзіне-өзі қол салыпты. Оның 70-ке жуығы кәмелет жасқа толмағандар. «Демек, жауапты мемлекеттік органдардың жұмысы нашар», - деді вице-пермьер. Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары -Білім және ғылым министрлігінің жергілікті атқарушы органдармен байланысы жоқ. Әкімшіліктер, құқық қорғау мекемелерімен бірлесіп жұмыс жасауды қойдыңыздар! Сіздер әр облыс бойынша неліктен суицид көбейіп жатқанын анықтау керек едіңіздер. Алайда ешқандай жұмыс атқарылмаған. Бұл вице-премьер айтқан сынның пір парасы ғана. Министрлікке тағылған мін көп болды. Білім және ғылым министрінің орынбасарына мұрша берместен, Сапарбаев қамшыға сала берді. Ал мұндай жағдайлардың алдын алуға жауапты білдей бір вице-министр Есенғазы Иманғалиев дайындалған баяндамадан көз ала алмады. Мардымды жауапты таба алмады. Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары -Есенғазы, өз сөзіңе бір нәрсе айта аласың ба? Сен осы саланың орынбасарысың ғой! Сен деген түнде 2-де оятса, сен деген қағазға қарамай-ақ айтуың керек. Қандай жұмыстар істеліп жатқанын, не болып жатқанын. Ертең қандай нәтиже беретінін. Қазіргі таңда елімізде 11 мыңға жуық бала қауіп-қатер тобына жатады. Есепте тұр барлығы. Вице-премьердің айтуынша, олармен жүйелі жұмыс істеу керек. Әсіресе, олардың бос уақытын тиімді пайдалану жағын ойластыруға шақырды. Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Назерке Сұлтанқұлова
Мой аккаунт