Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Е.Арынның пара алды деген күдікпен ұсталғаны нақты емес.

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Е.Арынның пара алды деген күдікпен ұсталғаны нақты емес.У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынның қандай көлемде пара алып, ақша ұрлады деген күдікпен ұсталғаны нақты емес. Қаржы полициясы әзірге тек "Павлодар облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бұрын қозғалған қылмыстық істердің шеңберінде Павлодар қаласын абаттандыру үшін демеушілік көмек ретінде алынған ақша қаражаттарын ұрлаған, сондай-ақ аса ірі мөлшерде пара алған деген күдікпен Ерлан Мұхтарұлы Арын ұсталды" деген ақпарат қана таратты. Ерлан Арын кеше ұсталыпты, қазір қылмыстық іс бойынша тергеуде. Ол өткен желтоқсан айының соңында әкімдік қызметінен кеткен болатын. Өйткені, Арынның көмекшісі Төлеген Бәстенов 9 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған. "Казак атаманы" атанып, беліне қылыш байлаған Ерлан Арын Павлодар әкімдігі алдында 17 миллион теңгеге шырша орнатылған кезде де шудың ортасында қалған. Ал, бұрынғы әкімдерінің қамалғанын естіген павлодарлықтар ол туралы әртүрлі пікірде.
Мой аккаунт