Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

ОҚО-ның әкімі А.Мырзахметов астаналық тілшілер алдында түсініктеме берді

ОҚО-ның әкімі А.Мырзахметов астаналық тілшілер алдында түсініктеме бердіУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Оңтүстіктегі шымкенттіктерді теріскейге жаппай қоныс аудару үшін бұл көштің пайдасын ең алдымен мамандар жіті зерттеуі қажет екен. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов әзірге өңір ішіндегі ішкі көші-қонды шеше алмай отырғанын жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын кей депутаттар оңтүстіктегі халықты солтүстікке жаппай көшіру қажет деген еді. Облыс әкімінің астаналық журналистермен кездесуін тілшіміз тарқатады. «Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданындағы қыз алып қашу көрінісі» деген мына бейнетаспа бір айдан бері интернетте көп қаралған дүние. Келісім бермеген қызға абысын болғысы келгендер оны боқтағаны аздай, тіпті ұрып та алады. Осы көрініс үшін бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов астаналық тілшілер алдында түсініктеме берді. Айтуынша, облыста алып қашқан қыздар туралы мәліметтер арнайы тіркелмейді екен. Және бұрынғыдай кең белең алмаған. Ал жемқорлыққа қарсы күрес жолға қойыла бастапты. АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі: Мемлекетті сатып алу заңы бойынша, орталыққа көшірдік. Енді 1200 мектеп жеке жеке емес, бір орталықта ғана тендер ойнатады. Жемқорлық деңгейі бойынша облыстар арасында көш басынан түспеген Оңтүстік Қазақстан облысы жақын күндері де бұл межеден қозғала қоймайды екен. Бірақ, «қарап отырған біз жоқ» дейді әкім. Тілшілер де Асқар Мырзахметовтың соңынан қалмай келе жатқан бір мәселені тағы да алдынан шығарды: «Бұрын істі болған, басы даудан босамаған Болатбек Әлиевті қалай ғана орынбасар жасадыңыз?» деген сұрақ қойылды.
Мой аккаунт