Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Ақтөбелік екі мүгедек жанға шет елде ота жасалады

Ақтөбелік екі мүгедек жанға  шет елде ота жасаладыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығында бүгін "Парыз" қайырымдылық акциясы өтті. Оңтүстік Корея елінің еріктілері ақтөбелік 1-ші топтағы мүгедек Жанар Есетоваға өз елдерінде операция жасату үшін қаражат жинап берді. Демеуші сертификатты Жанарға өз қолымен табыстады және Оңтүстік Кореядағы клиникалардың бірі оған ота жасауға дайын екенін жеткізді.10 мың доллар отаға төленетін қаражат. Жанарға жол ақысы, жатын орынға тағы 5 мың доллардай ақша қажет. Бүгін материалдық көмекті 3-топтағы мүгедек Жанаргүл Изматова да алды. Оған Мәскеуде ота жасалады. Аты-жөнін жариялаудан бас тартқан кәсіпкер 400 мың теңге сыйлады. Ал қоғамдық бірлестіктің әлеуметтік серіктестіктерінің бірі Құралай Бәйменоваға автоматтандырылған қол арба сыйға тартты. Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының құрылғанына биыл 16 жыл толады. Осы уақыт ішінде мүгедектерге арналған тұрғын үй салынды. 340 дана қол арба мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін таратылды. 141 адам шипажайларда емделді. 75 мүгедек балаға тұрақты түрде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. 6 инватакси алынған. Қоғамдық бірлестіктің бүгінде 1200 мүшесі бар.
Мой аккаунт