У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Әлеуметтік салада көптеп қызмет ететін қыз-келіншектердің әлеуметтік қорғалуы төмен! Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының өкілдері осылай дейді. Олар "Отырар" телеарнасының баспасөз орталығында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қоғамның белді мүшелері саналғанымен, еңбекпен қамтылуда, бєсекелестікке қабылетті болуға бейімдеуде олар шет қалады. Есесіне, жүкті келіншектерді жұмыстан шығару, бала күтімімен отырған аналарды қысқарту фактілері тиылмай тұр. Бас еңбек инспекторының мәлімдеуінше, былтырғы жылы облыс көлеміндегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 әйел өндірістік жарақат алып, көз жұмған. Биылғы 9 айда мұндай жәйттер мүлдем тіркелмеген.