Tuesday, 23 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Италяндық компания Қазақстанда ет өндірісін дамытуға 100 миллион еуро инвестиция салады

Италяндық компания Қазақстанда ет өндірісін дамытуға 100 миллион еуро инвестиция саладыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Алғадағы "Актеп" мал өсіру кешені ет экспортын арттыруды көздейді. Серіктестік қазір ішкі нарықтың 75 пайызын етпен қамтып отыр. Былтыр 200 тонна сиыр етін экспортқа шығарған. Биыл шетелге жөнелтетін ет көлемін 12 мың тоннаға жеткізу межеленген. Елдің ет өндірісін дамытуға еуропалық "Иналка Еуразия Холдинг" компаниясы мүдделі. Шетелдіктер бұл салаға 100 миллион еуро қаражат құюға келісіп отыр. Бұл ақшаға Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында бір мезгілде мал бордақылайтын бірнеше алаң салынады. Қаражаттың бір бөлігі ет комбинаттарының қуаттылығын арттыруға жұмсалады. Сөйтіп, қазақстандық ет Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне жол тартады. Үш облыстың әкімдері, министр және "Иналка Еуразия" компаниясының өкілі бұл уағдаластықтарын құжат жүзінде бекітті. Еуропалық холдинг пен "Актеп" арасында да меморандум жасалды. Мал шаруашылығында ет кооперациясын ауыл тұрғындары да құра алады. Министр Асылжан Мамытбековтің ұсынысы бойынша, ұсақ шаруалар бірігіп, мемлекеттен субсидия алу мүмкіндігіне ие.
Мой аккаунт