У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Қостанайдың автокөлік өндірісіне алты миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылады. Сұранысқа ие жеңіл көліктер бізде тек құрастырылып келсе, енді кей бөлшектері өзімізде өндірілетін болады.
Қазақстандық «Алатау Инвест Капитал» мен «АллюрГрупп» компаниялары осындай келісімге келіп, меморандумға қол қойды. Екіжақты байланыс бірнеше бағытты қамтиды.
Автобустар, жеңіл және ауыр жүк көліктерін құрастыру, конструкторлық бюро ашу, индустриалдық аймақ салу сияқты жобаларға отандық инвестор өз үлесін қоспақ.
Биыл Қостанайдағы автозауыттан 8 мың машина шығару жоспарлануда.
Ал 2018 жылы бұл көлем 40 мыңға жеткізілмек. Қосымша 500 жаңа жұмыс орны ашылады.
Облыс бойынша индустриализациялау бағдарламасы аясында 81 жоба жоба жүзеге асырылса, соның төртеуі автокөлік өндірісіне қатысты.
Андрей Лаврентьев, «ALLURGROUP» директорлар кеңесінің төрағасы
-Осыған дейін отандық автоөндіріске негізнен шетелдік әріптестеріміз ғана қызығушылық танытатын. Ал енді еліміздегі ірі және қуатты компаниялардың бірі – «Алатау Инвест Капиталдың» осы салаға келуі біз үшін аса маңызды. Қазақстандық инвесторлардың өзіміздің автоөндіріске қаржы салуға мүдделік білдіруі – болашақты бағдарлаған аршынды қадам.