Tuesday, 23 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

6. Бірлікке үндеу

6. Бірлікке үндеуУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Сарапшылар Қазақстан басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының биік мінберінен жаһандық маңызы бар мәселелерді көтерді деп санайды. Әр мемлекеттің жыл сайын өзінің қорғаныс саласына жұмсайтын бюджетінің 1 пайызын Ұйымның Арнайы қорына аудару туралы ұсынысты қалың көпшілік қуаттайды. «Сонымен қатар Үлкен Еуразия идеясының аясында топтасу – аса маңызды стратегиялық новелла»,– дейді шетелдік қайраткерлер. Карла Стэйла, БҰҰ жаһандық зерттеу басылымының тілшісі -Мысалы, АҚШ әскери саланы дамытуға қыруар қаражат бөліп келеді. Өзге де мемлекеттер дәл солай. Егер белгілі бір мемлекеттің әскери әлеуеті жоғары болса, ол айналасына қауіп төндіреді. Ал осы әскери бюджеттің бір бөлігін әлемдік дамуға бөлсе, қауіпсіздікке қосқан үлесі болады. Меніңше, Қазақстан Президентінің әскери бюджеттің бір пайызын бөлу туралы ұсынысы – керемет бастама. Евгений Мураев, Украинаның халық депутаты -Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсыныстарымен толық келісемін. Бүгінде біз әлемдегі геосаяси жағдайдың тұтқыны болдық. Мен мұны Украина тұрғыны ретінде жақсы білемін. Соңғы жылдары бірнеше мемлекет егемендігінен айырылып, қазір экономикалық, әлеуметтік қиындықтарды басынан кешіп жатыр. Өкінішке қарай, Украина да осы елдердің қатарына қосылуға жақын. Сондықтан бұл мәселелерге жаһандық қауымдастық араласпаса, олар оң шешімін таппайды. Ивета Григуле, Орталық Азия елдері бойынша Еуропарламент делегациясының басшысы -Егер Орталық Азиядағы жағдай тұрақты болмаса халық Еуроодаққа ағылушы еді. Мұндай құбылыс байқалмайды. Сондай-ақ Қазақстан ланкестік ұйымдар мен нашақорлық мәселесін қатаң қадағалап отыр. Осы түйткілдерді шешу жөнінде Қазақстан өңірде көш бастап тұр. Маттиас Дорнфельдт, саясаттанушы -Қазақстан өз аймағында тұрақтылықтың орталығына айналып отыр. Сондықтан да Назарбаев ядролық арсеналы бар ел басшыларын атом бомбасынан бас тартуға шақырды. Оған қоса қазір әлемді лаңкестік әрекеттер да жайлап барады. Осыған қатысты да Қазақстан Президентінен барлық ел бірігіп бейбіт өмірге қол жеткізу туралы ұсыныс түсті. Бұл құптарлық бастама.
Мой аккаунт