Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

16 млрд теңге қарызы бар серіктестік банкрот деп танылды

16 млрд теңге қарызы бар серіктестік банкрот деп танылдыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
"Лад" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі банкрот деп танылды. Бұл туралы бүгін облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында өткен брифингте мәлім болды. Қаладағы ірі кәсіпорындардың бірінің несие берушілер алдындағы қарызы 7 миллиард теңгеден асып кеткен. "Лад" компаниясының құрамына битум зауыты, мұнай-химиялық кешен, бірнеше жанар май бекеті, "Батыс Қазақстан жәрмеңкесі" сауда орны, "Хан Тенгри", "Ковчег" мейрамханалары, қонақ үй кешені және бірнеше шаруа қожалығы кіреді. Сот материалдарына сәйкес, серіктестік жеті жыл бұрын битум зауытының құрылысына "Қазақстан инвестициялық қорынан" 18 миллион АҚШ доллары көлемінде несие алған. Кейін төлемін кешіктірген. Сөйтіп, қарыз 7 миллиард теңгеден асқанда кредитор компанияны сотқа берген. Осы жылдың тамызында экономикалық сот "Лад" ЖШС-ін банкрот деп жариялады. Сот процесі кезінде компанияның өзге де банктерге 1 миллиард теңгеге жуық бережақ екені анықталды. Бұдан бөлек, салық органдарына - 29 миллион теңге, жұмысшыларға 24 миллион теңге жалақы қарызы бар. Тараптар сот үкімімен танысып болғаннан кейін, компанияның бар мүлкі сатылымға шығарылады. Бірақ, судья Алғабек Жүсіповтың айтуынша, серіктестіктің мүлкі, ақшасы, техникасы қарызды жабуға жетпейді. Алдын-ала есеп бойынша, компанияның активінде 3 миллиард теңге бар. Ал, қарыз үш есеп көп.
Мой аккаунт