У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Тараздық көп балалы ана әкімшіліктің алдында түнеуге мәжбүр. Жеті баласын жетектеп жеткізуге жағдайы жоқ. Жоқшылықтан тарыққан келіншек бүгін әкімнің өзінен жәрдем сұрай келді. Алайда ақжағалылардан кезектен тыс пәтер берілмейтінін естіп, тауы шағылып тағы қайтты. Енді қыстың көзі қырауда жесір әйел жеті баласымен қайда барарын білмей жүр.