"Алайын десең нан қымбат, алмайын десең жан қымбат"
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
"Алайын десең нан қымбат, алмайын десең жан қымбаттың" кейпі келді. Өткенде Атырау, Ақтөбе мен Қостанай қалаларында нан бағасының едауір қымбаттап жатқанын айтқанбыз. Ас атасы бүгін енді Петропавлда да көтерілді. Еліміздің ең астықты өлкесіндегі бір бөлкенің өзіне тағы 10 теңге қосылған. Шенеуніктердің айтар жауабы белгілі. Сұрай қалсаң, субсидия тоқтады, шикізаттың құны өсті дейді. Қалталыларға ештеңе етпес, бірақ зейнеткерлердің қалтасына салмақ салары белгілі. Наразылық танытып жатқандары да сондықтан.