Monday, 22 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Сорғылау бекетінің шатыры ұшып, 4 көлік бүлінді

Сорғылау бекетінің шатыры ұшып, 4 көлік бүліндіУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бүгін тал түсте Жағалау көшесіндегі 86-шы үй ауласында шатыр ұшып кетті. Аула ішінде тұрған көліктерге барып қонған шатыр "Ақбұлақ" акцинерлік қоғамының сорғылау бекетіне тиесілі. Тұрғындардың айтуынша, бірер күн бұрын ғана орнатылған шатыр тіреусіз, кірпішке қағылған. Оқиға орнына үш сағаттан соң ғана полиция қызметкерлері келді. Ал жауапты мекеме басшылары төбе көрсетпеді. Тұрғындар тал түсте сыпырылып түскен қаңылтырдың 4 көлікті зақымдағанын айтып, құнын кімнен өтерін білмей жүр. Олар тілшілерді көрген бетте, қайда, кімге арыз жазамыз деп көмек сұрады. Әйтпесе үш сағат өтсе де ешкім ат ізін салмаған. Жауапты мекеме де, әкімдік өкілдері де жоқ. Енді темір тұлпар құнын кім өтейді? Істің ілімін білетін тұрғындар 2-3 күн бұрын ғана қағылған шатырдың болмашы желге ұшып кетуін шегенің кірпішке қағылуынан деп түсіндереді. Енді олар шығын өтелмей, екі тарап келісімге келмей шатырды ешкімге бермеуге бекінген. Қажет болса күні-түні кезекпен күзетуге әзір. Мән-жайды білмекке тарс жабылған қара есікті де қақтық. Ондағы әйел дауысы жауапты мекеме рұқсат бермей сөйлеспейтінін жеткізді. Ал "Ақбұлақ" акционерлік қоғамының басшылары 4 сағаттан соң оқиға орнына барды. Компанияның баспасөз қызметкері Исламғали Ғұбайдоллаұлы оқиғаның жай-жапсары және шығарылған шешім қосымша хабарланатынын жеткізді. Жағалау көшесіндегі жалғыз мәселе бұл емес. "Жаңа үй" бағдарламасымен баспанаға қол жеткізіп, ұзақ жылдар бойы сапасыз құрылыс пен шұрық-тесік шатырдың зардабын көріп отырған тұрғындар пәтер иелері кооперативінің қимылсыз отырғанына налиды. Сонымен қатар 9-шы қабаттағы антенналардың да еш рұқсатсыз орнатылғанына наразы. Қала ішіндегі көпқабатты үй тұрғындары бүгінгі оқиғадан соң жауапты мекемелердің тағы бір назар салып, көмек қолын созатынына сенеді.
Мой аккаунт