Sunday, 14 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Ақтөбе-Хромтау тас жолындағы апаттан 1 адам қаза тапты

Ақтөбе-Хромтау тас жолындағы апаттан 1 адам қаза таптыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Ақтөбе-Хромтау тас жолында кеше ірі көлік апаты болды. Екі жолаушылар автобусы мен "Тойота" көлігі соқтығысты. Ауыр жарақат алған жеңіл көліктің жүргізушісі облыстық жедел жәрдем ауруханасында қайтыс болды. Тағы жеті адам қазір ем қабылдап жатыр. Оқиға кеше таңғы сағат ондар шамасында Ақжар ауылына жақын маңда болған. Қаладан Хромтауға бағыт алған жолаушылар автобусының жүргізушісі жол жиегінде тұрған "Камаз" жүк көлігіне жақын келіп, онымен соқтығыспау үшін қарсы бағытқа шығуға мәжбүр болған. Нәтижесінде "Тойота Авенсис" көлігімен, кейін оның соңынан келе жатқан "Сетра" автобусымен түйіскен. Жеңіл көліктің сау тамтығы қалған жоқ. "Тойотаның" екі жолаушысы облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Көлік тізгінінде болған кісінің 13 жастағы қызына ота жасалды. Жағдайы ауыр. Ал, жасы 14-тегі тағы бір қыз травматология бөлімінде. Автобустың жеті жолаушысы Хромтау аудандық ауруханасына әкетілген. Аурухананың бас дәрігері Рүстем Исаевтың айтуынша, төртеуінің жарақаты жеңіл болып, олар медициналық көмек көрсетілген соң, үйлеріне жіберілді. Үш жолаушы әлі де дәрігерлердің бақылауында. Апат кезінде Хромтаудан қалаға келе жатқан автобуста 56 жолаушы, кері бағыттағы автобуста 12 адам болған. Оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің 296-бабымен іс қозғалды. Алдын-ала сараптама қорытындысы бойынша екі автобустың да жүргізушілері ішімдік ішпеген. Тергеу жалғасып жатыр.
Мой аккаунт