Monday, 15 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

АДАМ ӨЛТІРДІ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН ЖІГІТ АҚТАЛЫП ШЫҚТЫ

АДАМ ӨЛТІРДІ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН ЖІГІТ АҚТАЛЫП ШЫҚТЫУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Ер жігіттің өліміне кінәлі деп танылған Сабыржан Есетханұлы ақталып шықты. Алқа билердің қатысуындағы сот отырысы осымен екінші рет өткізілуде. Ал жәбірленушілер бұл шешіммен келіспейді. Олар қылмыскер жазасын алуы тиіс деп отыр. 3 баланың әкесі Сабыржан Есетханұлы сыбайластарымен бірге 4 адамдың біреуін өлтіріп, үшеуін жаралаған болатын. Осы қылмыстық топты ұйымдастырып, қару қолданған Кадиров 20 жылға сотталып кетті. Ал сыбайласы ретінде тіркелген Сабыржан екінші рет ақталып отыр. Алайда соттың берген жазасымен екінші тараптың туыстары келіспейді. Олар әділетсіздік орнады деп, сот залында шу шығарды. Қанды оқиға 2015 жылы 22 наурызда түнгі сағат 22:00 дер шамасында орын алған. Мереке қарсаңында спорттық ойыннан сынға түскен апталдай жігіттердің арасында ерегіс басталып соңы төбелеске ұласқан. Ақырында қару қолданған жігіттердің бірі оққа ұшты. Қазіргі таңда айыпты деп танылғандардың 3 сыбайласы әлі күнге іздестіріліп жатыр.
Мой аккаунт