Алматыда сойқан салған Руслан Күлекбаев өткен жылы жазасын өтеп шыққан
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Сонымен Алматыда сойқан салған Руслан Күлекбаев Қызылорда облысының тумасы екені анықталды.
Байқоңыр қаласындағы №8 мектепте 9 жыл білім алған. Отбасылы, екі баланың әкесі. Бұған дейін бірнеше рет істі болғанын айттық.
Соңғы рет атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін темір торға тоғытылған. Жазасын өтеп, былтыр бостандыққа шыққан екен.
Салтанат Мұратова, облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекші маманы
-2012 жылы Кулекбаев Руслан атыс қаруын заңсыз сатып алу және сақтау дерегі бойынша Қызылорда облыстық ІІД қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 2 жылға және 11 айға бас бостандығынан айырылған болатын. Өткен жылы яғни 2015 жылы жазасын өтеп шықты. Мәліметтерге сүйенсек, ол қазіргі таңда яғни осы уақытқа дейін Алматы облысында тұрып келген. Алайда семьясы 2 баласы және әйелі Байқоңыр қаласында тұруда.