Sunday, 21 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Педофил әке мен оның сыбайласы жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейді

Педофил әке мен оның сыбайласы жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейдіУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бүгін Павлодар облысында кәмелет жасына толмаған туған қызын 2 жыл бойы зорлап келген педофил әкеге сот үкімі шығарылды. Естеріңізге сала кетсек, Павлодар облысы Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғыны өзінің туған қызына азғындық әрекет көрсетіп, оны ғаламтор арқылы саудаға шығарған. Тіпті сыбайлас тауып, туған қызын саудалап та үлгерген болатын. Бүгін педофил әке мен оның сыбайласына Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қатаң жаза шығарды. Өз қызына азғындық жасады деп айыпталған әкенің ісі бұған дейін сотта жабық қаралды. Сот үдерісіне бірде-бір БАҚ өкілдері кіргізілмеді. Енді, міне, үкім шығарылатын күн. Айыпты әке мен оның сыбайласын полицейлер кісендеп алып келді. Озбырлық әрекетке барған күдіктілердің түрінен қобалжу байқалмайды. Олар тіпті түсіріп жатқан камералардан да жүздерін жасырмады. Оларға сот залына кіре салысымен-ақ, судья үкім шығарды. Қадырбек Сатабаев, мамандандырлыған ауданаралық сотының судьясы -Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес Денис Николайұлы Клименцов жасаған қылмысы үшін Қылмыстық Кодекстің 124-бабы, 4-тармағына сай 24 жылға бас бостандығынан айырылады. Және жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Міне, азғындыққа барған әкеге сот осындай жаза кесті. Еске сала кетсек, күдікті өз қызын интернет арқылы сайтқа салып саудалаған. Бұл ұсынысты қабылдаған екінші азамат та сот алдында жауап берді. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды Әділхан Дуабеков, мемлекеттік айыптаушы -«Кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланы зорлады» деп айыпталған азаматтардың бірі 15 жылға, екіншісі 24 жылға сотталды. Біз бұл шешіммен келісеміз. Сотталушылар қатаң режимдегі колонияға қамалды. Бір сорақысы, күдіктілер жасаған қылмыстарын соңына дейін мойындамады. Алайда үкімнің аты – үкім. Сот бекіткен шешімге сай енді олар тар қапаста тиісті жазаларын өтейтін болады. Ерхан Тәткен, тілші -Мұндай жантүршігерлік оқиға Павлодар облысы сотының тарихында бірінші рет қаралып отыр. Бүгін осылайша кәмелет жасына толмаған қызын зорлаған әкенің ісіне нүкте қойылды. Енді қылмыскер 24 жыл ғұмырын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Авторлары: Ерхан Тәткен, Арман Якубов, Марат Игіліков
Мой аккаунт