Monday, 15 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

5 жастағы бала әлі табылған жоқ

5 жастағы бала әлі табылған жоқУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
5 жастағы Темірлан Сандыбаевтың жоғалуына байланысты "Адам ұрлығы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланы іздеу шаралары жалғасуда. Есік алдындағы құмда ойнап отырған ұлынан қалай көз жазып қалғанын Раушан түсінбейді. Жуып болған кірін жайып келгенде Темірлан жоқ. Айналадан іздеп, таба алмаған соң, туған-туыс, полицияға хабарлаған. Баласының қайда екенін болжап білер деген үмітпен бақсы-балгер, құмалақшыға да барды. Балгердің бірі "балаңызға біреудің көңілі ауған, сол адам әкеткен" деген нұсқаны айтқан. Раушан Төрениязова мұны жоққа шығармайды. №14 мектептің дайындық тобында оқитын баласын өте сүйкімді, тез тіл табысқыш, ерекше бүлдіршін деп сипаттайды. Іздеушілер бүгін Мәскеу, Малышка аудандарын шолып шықты. Көзге түсетін жерлерге баланың суретін ілді. Екі күннен бері Темірланды көрдік деп полицияға хабарласатындар көбейген. Бүгін таңертең Темірлан Ахтанов көшесіндегі емханада жүр деген дерек түсті. Бірақ, сол жерге жеткен тәртіп сақшылары ешкімді таппады. Осы жайтқа байланысты, мектептер мен балабақшаларда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ата-аналарға балаларына мұқият болу, мектеп психологтарына оқушылардың іс-әрекетіне көңіл бөлу ескертілді. Баласын жоғалтып, қайғыға батқан ана ақтөбеліктерден көмек сұрайды.
Мой аккаунт