Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

«Актовегин» дәрісі қауіпсіз

«Актовегин» дәрісі қауіпсізУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
«Актовегин» дәрісінің құрамынан улы зат табылған жоқ. Ұлттық сараптама орталығы жүргізген зерттеулердің қорытындысы осындай. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсет Қалиев хабарлады. Қауіптілігі дәлелденбеген дәрі кешеден бері Ақтөбенің емдеу мекемелерінде науқастарға беріліп жатыр. Наурыз айында №3 қалалық емханада емделіп жүрген үш әйел бірінен соң бірі бір аптаның ішінде қайтыс болды. Марқұмдардың туғандары сол кезде өлімге "Актовегиннің" кері әсері тиді деп дәріден күдіктенген. Препараттың екі сериясы сараптамаға жіберіліп, бір ай бойы емдеу мекемелерінде қолданылған жоқ. "Актовегинмен" бірге науқастарға егілген "Натрий хлориді", "Винпосан" мен "Пирацетам" препараттары да сараптамаға жіберілді. Олардың да қауіптілігі дәлелденген жоқ. Әсет Қалиев әйелдердің дәріден емес, асқынып кеткен ауруларынан көз жұмғандығын айтты.
Мой аккаунт