Бір топ жігіт алып қашты деген бойжеткен 1 күннен кейін мәйітханадан табылды
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Алматыда жаға ұстарлық жағдай. Бір топ жігіт алып қашты деген бойжеткен 1 күннен кейін мәйітханадан табылды. 19 жастағы студент құрбыларымен 30 шілде күні туған күн тойлауға аға-жеңгесінен сұранып шыққан. Кешке қыз анасына хабарлама жіберіп, өзін алып қашып бара жатқанын жазып үлгереді. Артынша, телефон сөнген. Бойжеткенді Алатау ауданындағы көпқабатты үйлердің біріне алып барғаны белгілі болды. Алайда қыз келін болуға көнбеген. Куәгерлер оның 8-қабаттан секіріп кеткенін айтыпты.