Monday, 15 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Жоғалған баланы іздеуге балгерлер де кірісті

Жоғалған баланы іздеуге балгерлер де кірістіУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Жоғалып кеткен 5 жастағы Темірлан Сандыбаевты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Полицейлер қаладағы 50-ге жуық көшені тінтіп шыққан. Қоғамдық орындарға он мың плакат ілінді. Баланың ата-анасы оның аман-есен екеніне сенімді. Олар балгерлердің көмегіне де жүгінген. Бүгін Темірланның үйіне Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласынан балгер арнайы келді. Ол бірден баланың жүрген ізімен дүкен ішіне кіріп кетті. Іздеуге кедергі келтіретінімізді айтып, сұхбат беруден бас тартты. Темірлан Сандыбаев туралы мәліметті қаланың кез-келген нүктесінен көруге болады. Баланың бойы 110-112 сантиметр, қараторы, домалақ көзді. Үстінде ақ күртешесі мен көк бас киімі бар. Баланы іздестіруге еріктілерден құралған команда, әскери институтттың курсанттары, сарбаздар да жұмылдырылған. Раушан Төрениязова баласынан қалай көз жазып қалғанын әлі түсінер емес. 5 жастағы Темірлан 10-шы қазан күні ауласының алдындағы құмда ойнап отырады. Анасы 15 минуттан кейін сыртқа шықса бала жоқ. Осы оқиғадан соң ақтөбеліктер де алаңдаулы, кәмелетке толмаған балаларын көшеге жіберуден қорқады. Темірлан Сандыбаевты полицейлер мен баланың тағдырына бей-жай қарай алмаған жұрт 6-шы күн қатарынан іздеп жатыр. Әзір нәтиже жоқ. Іздеу жұмыстары күндіз-түні жалғасуда. Оқиғаға қатысты "адам ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мой аккаунт