Saturday, 20 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

ТВ Хабар, 3 февр 2012 КАЗ

ТВ Хабар, 3 февр 2012 КАЗУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бүгін Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына сәйкес көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмысы республиканың бірқатар аймақтарында заңсыз жүргізілген. Бұл туралы бүгін құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде төраға Серік Нокин мәлім етті. Атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында жергілікті әкімдіктер тұрғындар және мердігерлермен шартты рәсімдемей үйлерді жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметов мұндай өрескел қателіктерді жою қажеттігін агенттікке қатаң тапсырды. Серік НОКИН, ҚР ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: -Үйлерді жөндеудің жаңа тетіктерін енгізуде қателіктер болды. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруда енді мұндай кемшіліктерді жібермеуге тиіспіз. Әкімдіктер тұрғындармен бірігіп қана, жөндеу жұмыстарын қолға алуы шарт. Сондай-ақ алқа мәжілісінде мемлекет басшысының Жолдауда айтқан тапсырмаларын іске асыру жайы талқыланды. Елбасы «жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 млн. шаршы метрге жеткізуді тапсырған» болатын. Мемлекеттің қарапайым тұрғындарын үймен қамтамасыз етуге Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де белсенді ат салыспақ. Нұрбибі НАУРЫЗБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ: -Қазақстандықтар тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесіне белсенді қатысуы байқалады. 2012 жылы банк сомасы 32,3 млдр теңгені құрайтын несие бөлуді жоспарлайды. Нәтижесінде, үй алу және салу үшін несие беретін қаржы ұйымдарының үлесі 10,4 пайызға өседі. Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі -- ел тұрғындарының үй мәселесін шешетін негізгі құралы болып қалыптасуын көздейді.
Мой аккаунт