У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Тұрғын үй қатынастары туралы заңды белшесінен басқандар анықталды.
Аймақ прокурорлары мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаж азаматтардың тізімін жасақтаудаолқылықтар барын әшкереледі. Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған Набережная және Бұхарбай батыр көшесіндегі үйдің 20 пәтерібүгінде заңсыз коммуналдық меншікке алынып, қызметтік пәтерлер ретінде пайдаланылуда. Аталған үйден 4 пәтер тегін жекешелендіріліп, азаматтардың жеке меншігіне өтіп кеткен. Бұған қоса, жергілікті атқарушы билік қызметкерлерінің әрекетсіздігі салдарынан мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған тұрғын үйлердің құны толық өтелмеген жағдайлары да кездеседі.