Wednesday, 17 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

"Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша жас отбасылардан құжат қабылдау кезеңі соңына таяды

"Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша жас отбасылардан құжат қабылдау кезеңі соңына таядыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәлімдеуінше, қазірге дейін жастары 29-ға толмаған 817 отбасы құжат тапсырып үлгерген көрінеді. Ал жас жұбайларға арналған пәтерлер саны тек 180 ғана болатын. Естеріңізге сала кетейік, 3-ші ақпанда басталған құжат қабылдау кезеңінің бүгін соңғы күні. "Қол жетімді баспана- 2020" бағдарламасы бойынша құжат қабылдаудың соңғы күні болғандықтан тізімге ілігіп қалуға тырысқандар орындарынан тапжылмай тұр. Олардың араларында 3-ші баласын дүниеге әкелгелі отырған ана мен оның жұбайы Алтынбек Ешімов те бар. Олар отбасының кеңеюі балалы-шағалы отбасылар үшін тиімді бағдарламамен баспаналы болуға жол ашады деген үмітте. Иә, Зашағанда бой көтеріп жатқан қос бірдей 5 қабатты үй 180 отбасыға арналған. Бірақ құжат тапсырғандардың саны бұдан 4 есе көп. Тұрғын үйді жекешелендіру секторы меңгерушісінің айтуынша, қазірге дейін 817 отбасының құжаты қабылданған. Бүгін соңғы күн болғандықтан мамандар ұзақ сонар кезекке тұрғандардың көңілін қалдырмай, түгелдей қабылдауға бекініп отырған көрінеді. Балдық жүйе бойынша комисиядан іріктелген құжаттар одан әрі тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сүзгісінен өтеді. Бұл жерде үміткерлердің алған несиелері мен төлеу тарихы, төлем қабілеттілігі тексеріледі. Бұл сынықтан да сүрінбей өткендерге алдағы қыста су жаңа пәтерлердің кілті табыс етілмек.
Мой аккаунт