ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНБЕК?
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Түркістан облысында Халықаралық деңгейдегі 8 жаңа емхана мен аурухана салу жоспарлануда. Жылдың аяғында ҚР Денсаулық Сақтау министрлігі мен Халықаралық қаржы ұйымдары, Европейлік даму банкі және инвесторлар арасында меморандумға қол қойылмақ. Бұл туралы еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов Түркістандағы іс-сапарында мәлімдеді. Ол Түркістан медицина колледжіне келіп, ондағы білім беру жүйесімен танысты. Сондай-ақ, колледж ұжымымен жиын өткізді.