У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Оңтүстік Қазақстан облысының Ақпан ауылы ауыз судың азабын тартып отыр. Тіршілік көзін тартып беруі тиіс мердігер тұрғындарды тақырға отырғызып кеткен. Қомақты қаражат құмға сіңгендей жоқ болған. Ал ауылда ауыз су жүргізу үшін ешқандай жұмыс атқарылмапты. Қараспан елді мекені де құрғақшылықтан көз аша алмай отыр.