Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Ақмола облысының өнімдері Қытайға экспортталады

Ақмола облысының өнімдері Қытайға экспортталадыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдері болса, жақын арада Қытайға экспорттала бастауы мүмкін. Көрші елдің кәсіпкерлері Ерейментау ауданында өндірілетін ет пен бидайға қызығушылық танытып отыр. Арнайы делегация ауданның бірнеше шаруа қожалықтарында болды. Мақсаттары – өндірісті көзбен көріп, келісім-шартқа отыру. Аудандағы мал шаруашылығымен айналысатын серіктестіктердің алды мыңдаған бас ірі қара өсіріп отыр. Оу Янг Бин, Қытай делегациясының басшысы: -Бұл жұмыстардың барлығы «Бір жол, бір белдеу» жобасының аясында жүзеге асырылады. Біз осы бір іскерлік байланыстан Қазақстанға да, Қытайға да мол табыс түседі деп сенеміз. Егор Каппель, облыс әкімінің орынбасары: -Біз Хунань провинциясы инвестицияларының арқасында мұндағы мал басын 10 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ ол үшін әлі біраз жұмыстар атқарылады. Дегенмен біз инвесторларға қаражат сіздерден, ал жұмысшылар бізден болады деген талап қойып отырмыз. Яғни болашақта Новомарковка ауылымен қатар жақын маңайдағы елді мекендердің тұрғындары осы бір ауқымды жобаға жұмылдырылады.
Мой аккаунт