Ресейдің әскери полигондары БҚО-ның ауылдарын улап жатыр
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
есейдің "Капустин Яр" мен "Азғыр" әскери полигондары Батыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарын улап жатыр. Кеңес заманында жеріміз жалға беріліп, әскери сынақ алаңына айналғалы бері, мүгедек балалар туылып, халықтың әлеуметтік жағдайы күрт төмендеген. Сорақасы сол, биылдың өзінде жарылуға тиіс 150 баллистикалық ракетаның алпысы сынақтан өткен. Ауа ластанғаны аздай, таза ауыз су таппай отырған елді мекендерде көп мұнда. Ауыл арасы алшақ болғандықтан, қатынау қиындап, жолдар жөндеусіз қалған.