У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бұл - әр кезде, әр аймақта, әр базарда болған өрттен кейінгі саудагерлердің көз жасы. Бірінің кредитінің түгі қалмай жанып кетті. Олар жанған тауары үшін, әлі күнге банктен алған қарызын қайтара алмай жүр. Екіншісінің - енді бастаған бизнесі - қызыл жалынның құшағында қалды. Үшіншісі - тірнектеп жинаған қаражатына алған тауарының түгі қалмай жанғанын өз көзімен көріп, әлі күнге есін жия алмай жүр. Тіпті, денсаулығы сыр берген. Таяуда ғана болған Түркістан базарындағы өрт те қаншама саудагерді өксітіп кетті.