Өртенген Барахолканың бүгінгі халі мүшкіл. Cаудагерлері қазір қаңғып жүр. Тентіреп кеткендер бірақ, ақиқатты ашық айтудан қорқады. Тілсіз жау тауарының түгін қалдырмай, жалмап кеткенде де, қасақана қойылған өрттің құрбаны болғанын білген сәтте де, әшейінде, айқайға басқыш саудагерлер неге үнсіз қалды? Кімнен сескенетінін ашып айтпаса да, олардың Есімовке естіртетіні бар. Кешегі саудасы қызған базардың бүгінгі күлге айналған бейнесін Ирина Советжанқызы көріп қайтты...
Күні кеше ғана мұнда тіршілік бар еді, саудасы қызған қаншама саудагер бұл жерден нәпақасын айырып отырған. "Аянда" аяқ киім сатылды, сондықтан тілсіз жау тап бергенде, тауар тез жанды, өрт аумағы жылдам үлкейіп, бүтіндей бір базар түгелдей түгі қалмай, жанып кетті.
Қарлығаштың қанатымен су сепкенін еске түсіретін - ұшақтардың аспаннан су бүркуі де, қараңғы түскенше сөне қоймаған өртті ауыздықтай алмаған сол кезде. Соның салдарынан шығын көлемі шаш етектен келді. Бірақ бір қызығы - банктегі барынан, жеп жүрген нанынан бір-ақ сәтте айырылған бұл базар саудагерлері бүгін үнсіз.
ИРИНА СОВЕТЖАНҚЫЗЫ, Тілші:
Бір кездері қаншама отбасын асырап келген "Аян" базарының қазіргі сыйқы осы. Құдды - соғыс жүріп өткендей. Қаншама халықтың қомақты қаражатының, қарызының көз алдында жанып кеткенінің куәсі болған қаңырап қалған қаңылтыр көп мұнда. Тек саудагерлерінің қайда кеткенін көрші базардағылар да білмейді. Бірақ олар қомақты қаражаты қасақана күйіп кеткен саудагерлердің үнсіз кеткеніне күдікпен қарайды.
ӘБІЛЖАН МҮСӘПІРОВ, Саудагер:
Білмеймін, мен қорқытады деп ойлаймын, өйткені, ешқайсысы үндемейді. Мұнда істеген адамдардың бәрі квартирада жүрген адамдар, бар ақшасын осында салып. Енді ол үмітінен де айырылды.
Саудагерлер, өртенген базардағы әріптестері туралы, әлденеден сескенетінін айтады, өйткені, аяқ астынан бір емес, бірнеше базар саудагерлері бірақ күнде жұмыссыз қалды. Қасақана қойылған өрттің құрбаны болса да, әшейінде әр күні өткен саудасының тиынын санайтын саудагерлердің үндемей отыруы - келген қатерге үнсіз көндіге салуы күдік тудырады, дейді. Айта кету керек, ол кезде бір емес, үш базар жанды, үшеуі де аяқ киім сататын. Бір қызығы - араға ай салмай,