Monday, 22 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Оңтүстік Қазақстан облысында күннен күнге бала саудасы қызуда

Оңтүстік Қазақстан облысында  күннен күнге бала саудасы қызудаУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Оңтүстік Қазақстан облысында күннен күнге бала саудасы қызуда. Сарыағашта төрт бірдей бүлдіршінін сатқан ана туралы оқиғадан кейін Оңтүстіктің прокурорлары өңірде баланы заңсыз асырап алушыларға қатысты тексеруді бастап кетті. Алғашқы нәтиженің өзі жаға ұстатарлық. Мәселен, бір ғана Мақтаарал ауданына жүргізілген тексеруде алты жалған туу туралы куәлік жасалғаны белгілі болды. Бала тумаған әйелдер осылайша оларды өз баласындай етіп, құжат алған. Заңсыздықтың бір ұшы қолданыстағы заңның осалдығында жатыр дейді құзырлы органдағылар. Деректердің 2-уі бала сату оқиғасына қатысты. Тіпті бір отбасы туылмаған балаға мемлекеттен 251 мың теңге жәрдемақы алып үлгерген. Қазіргі таңда бөгде адамдар асырап алған балалар саны 15-ке жетті. Асқар АЙЫМБЕТОВ, ОҚО прокуратурасының басқарма басшысы: Бұл тек кана босанған әйел сол бірінші неде ол нақтылай ақша бердім демейді, әртүрлі заттар алып береді, екі жүз мың теңге көлемінде. Тағы да екеуінің арасында келісім шарт болған. Осындай мен осындай, мен саған заттарды алып берем, сен маған нәрестені бересің деген.
Мой аккаунт