Tuesday, 23 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Әбілқайыр хан даңғылында жол жөндеу басталды

Әбілқайыр хан даңғылында жол жөндеу басталдыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Ақтөбе жолдарындағы былтырғы қарбаласты жұртшылық әлі ұмыта қойған жоқ. Биыл жер кепкен бойда жөндеу басталғалы тұрғындар тағы да әбігерге түсті. Жаздай тағы да кептелістерден көз ашпайтын сыңайымыз бар. Бүгін қаланың басты даңғылының асфальты да сыдырыла бастады. Жаңасы төселмек. Әлия Молдағұлова даңғылы мен Пацаев көшелерінің аралығы жартылай жабық болғандықтан, ені тар көшелерден өтетін қоғамдық көліктер жолаушыларды діттеген жеріне лезде жеткізе алмай жатыр. Өйткені, көшенің жарты бөлігі жабық. Көлік жүргізушілері жол құрылысы жұмыстарына кіріспес бұрын алдын ала ескерту жасалмағанына наразы. Қалалық әкімдік даңғылдағы жол төрт жолақты болғандықтан, көлік қозғалысында қиындық туындамайды,-деп сендіруде. Ал жөндеу жұмыстары екі айға созылады. Қала ішінде қалыпқа келтірілуі тиіс көшелер мен жөндеуді қажет ететін жолдардың кезек күтіп тұрғандары баршылық. Алайда оның бәрі бір күнде жүзеге асатын шаруа емес. Мұның бәрі қаржыға келіп тірелетін болғандықтан, кезек-кезегімен жасалады. Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы жол осыдан 7 жыл бұрын жөндеуден өткен. Асфальт төсеу жұмыстарын қолға алған-"РуссКазДорСтрой" мердігер компаниясы.
Мой аккаунт