Saturday, 20 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Қарағандыдағы автобекетте қызметке сай жағдай жасалмаған

Қарағандыдағы автобекетте қызметке сай жағдай жасалмағанУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Қарағандыдағы қолдан қолға өткен автокөлік вокзалында қызметке сай жағдай жасалмаған. Бос тұрған автостанция осыдан алты жыл бұрын бой көтерген. Халыққа пайдалануға берілсе де, жұмысын жалғастырмай отыр. Осыдан алты жыл бұрын есігін айқара ашқан автобекетке қарағандылықтар қатты қуанған. Бірақ көп үзамай көлік жүргізушілері мен кондукторлардың наразылығын жұмыс жағдайының жасалмауы тудырған. Автобекетте не тамақтану орны, не әжетхана жоқ, деп ашынады азаматтар. 2007 жылы салынған ғимараттың бүгінде қабырғасы тоза бастапты. Ал тұрғындар, жақын маңындағы кәріз құдықтарының ашық жатқанына алаңдайды. Қауіпті жағдай туындап, абайсызда адам құлап кетеді ме деп. Топтың наразылығын тудырған мәселелер бойынша мекеме басшыларымен тіл табысудың реті келмеді. Тек есіктің аржағынан жауап берген әкімшілік қызметкері, бұрынғы қожайыны банкротқа ұшырап, иелері ауысқан, ал жаңа иелерінің Астанада екенін ғана айтты. Бұл автостансасының қашан жұмыс істеп, халыққа қызмет жасауы әзірге белгісіз. Өйткені қожайындарымен тілдесе алмадық. Ал жұмыс уақытын бастамаса да, қоғамдық көліктердің қызметкерлері үшін қарапайым әжетхана мен асхана секілді бекет орнатады деп үміттенеміз.
Мой аккаунт