Monday, 22 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Әскери қызметкерлер "Мінсіз қызметі үшін" кеуде белгісімен марапатталды

Әскери қызметкерлер "Мінсіз қызметі үшін" кеуде белгісімен марапатталдыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Мерекелік жиынға №6655 әскери бөлімінің барлық бөлімшелері, қорғаныс саласының ардагерлері, Тәжік-ауған соғысына қатысушылар және мектеп оқушылары жиналған. Аймақ басшысы әскерилерді қатар келген қос мереке: ертеңгі Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 71-жылдығымен құттықтады. Елде тыныштық, бірлік, тұрақтылық болсын деп тіледі. Бердібек Сапарбаев ел тыныштығын күзетіп жүрген тоғыз әскери қызметкерге "Мінсіз қызметі үшін" кеуде белгісін табыс етті. Тағы он адамға алғыс жарияланды. Марапаттау шарасынан соң, әскери бөлімнің жеке құрамы салтанатты маршта жүріп өтті. Әскери оркестр соғыс әндерінен концерт қойды. Сол жерде әскери техникалар көрмесі ұйымдастырылып, шатырлар тігілді. Мерекеге қатысқандардың барлығы әскери ботқадан дәм татты.
Мой аккаунт