У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Кейбір әскери көліктерді қазір еліміз өзі шығарады.
Бұл – Қарулы күштеріміздің ширек ғасырдағы үлкен жетістіктерінің бірі. Мысалға, «Арлан» броньды машинасын айта аламыз. 300 аттың күші бар алып техника мүлде жол талғамайды. Отан қорғаушы күні өтетін әскери парадта ол алғаш рет көпшілік назарына ұсынылмақ.
Астанада «Арлан» броньды әскери көлігін құрастыру қолға алынғалы бір жыл болды. Техниканың ұзындығы – 6,5, ені – 2,5 метр. Ал биіктігі 3 метрдей. Салмағы – 16 тонна.
«Арлан» әскери көлігі салмағының үлкен болғанына қарамастан, сағатына 100-120 шақырым жылдамдықпен қозғалуға икемді. Бір ерекшелігі, Қазақстанның ауа райына да төзімді етіп жасалынған.
Атап айтсақ, жаздың аптап ыстығына, ал қыстың -50 градусқа дейінгі аязына төзімді. Төрт дөңгелегі де жетекші. Қозғалтқышының қуаты 300 ат күшіне тең.