ҚР Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінде сарбаздар ант қабылдады.
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
30 қаңтар 2017 ҚР Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімі екі жүзге жуық жас сарбазбен толықты. Еліміздің әр түкпірінен келген жаңа құрам, салтанатты түрде Отан алдында адал болуға ант берді. Әскери қызметшінің өмірінде бір-ақ рет болатын рәсімді тамашалауға жас жауынгерлердің ата-аналары, туған-туыстары және Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, бөлім офицерлері мен Ұлттық ұлан ардагерлері қатысты.