У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
"Сазды" аялдамасындағы жаяу жүргіншілер жолы алынып тасталады. Бүгін түнде өткел бұзылып, ертең бұл жермен жүруге тыйым салынады. Қалалық ішкі істер басқармасының ұсынысымен барлық жұмыстарды жергілікті атқарушы билік іске асырады. Автобустан түсе сала қарсы бетке асығатын жүргіншілер үшін бұл жол тиімді. Жақын болғанымен Ішкі істер басқармасының жол-техникалық инспекциясы дәл осы жерде 3 жол-көлік апаты тіркелгенін айтады. Оқиға кезінде 3 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Ал 2013 жылы мұнда адам өлімі тіркелген. Енді бұл жерде "жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады" деген жол белгісі болады. Тәртіпке бағынбағандарға алғашында ескерту беріледі, кейін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Жаңа жол ережесін естіген қала тұрғындары әртүрлі пікірде. Көбі жүргіншілер өтпесінің өзгеріссіз қалғанын қалайды. Кезекте "ДСК", "Стадион", "Нұрдәулет" секілді аялдамалар бар. Жергілікті билік қаржы бөлсе, жол сақшылары халық көп жүретін аялдамалардан жүргіншілер өтпесін алып тастауды көздеп отыр.