Sunday, 21 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Полиция бөлімінің бастығы бас бостандығынан айырылды

Полиция бөлімінің бастығы бас бостандығынан айырылдыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Қостанайда бүгін екі бірдей құқық қорғау қызметкеріне қатысты сот үкімі шығарылды. Құсмұрын кентіндегі полиция бөлімінің бастығы мен тергеушіге қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. Бұл екеуі зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық істі заңсыз тоқтатыпты. Ол үшін күдіктілерден 300 мың теңге алып, оның жартысын жәбірленушіге беріп, жартысын өздері қалтасына басқан. Содан кейін тараптар бейбіт келісімге келді деп жалған құжат толтырып, қылмыстық істі жауып тастаған. Полицейлердің заңсыз әрекеті ішкі қауіпсіздік қызметінің тексерісі нәтижесінде анықталды. Бүгін оларға қатысты сот үкімі облыс орталығында жеке құрамның алдында жария етілді. Заң талаптарын өрескел бұзып, азаматтардың конституциялық құқына қол сұққаны үшін полиция бөлімінің бастығы 6 жылға, тергеуші 5,5 жылға бас бостандығынан айрылды. Ішкі істер департаментінің мамандары қылмыстық әрекетке барған әріптестерін жауапқа тарту аймақта қашанда жариялы түрде жүзеге асатынын айтады. Бұл өзге қызметкерлерге сабақ болсын деген мақсатта жүргізілуде. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Мой аккаунт