Павлодарда болған жантүршігерлік жол апаты бүкіл жұртты дүр сілкіндірді
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бүгін камераға жазылып қалған, Павлодарда болған жантүршігерлік жол апаты бүкіл жұртты дүр сілкіндірді. Жолдан өтіп бара жатқан ана мен баласын қағып кеткен көлік жүргізушісі, еш алаңсыз сол күйі тоқтамастан қашып кеткен. Қайта арбадан құлаған сәби де, көліктің астында қалған әйелде тірі қалды. Ал, оқиға орнынан ізін суытқан әйел бес сағаттан соң, полицияға кінәсін мойындап өзі келген. Алайда, зардап шегушінің жақындары көліктің рөлінде басқа азаматтың болғанын айтады.