Көлік астынан 7 жасар қызды құтқарамын деген азамат ауруханадан бір-ақ шықты.
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Қарағандыда көлік астынан ажал құша жаздаған жеті жасар қызды құтқарамын деген азамат ауруханадан бір-ақ шықты. Ержүрек атанған Алтынбек Қабылбеков әскери сарбаз екен. Бүлдіршіннің өмірін сақтап қалған 20 жастағы Алтынбек біраз тістерінен айырылыпты.
Жас сарбаз Алтынбек наурыздың 11 күні кезекшілікте болған екен. Жаяу жүргіншілер жолында кішкентай қыз ойынға беріліп, көлік жолына шыққанын байқамаса керек. Қиылыста келе жатқан жеңіл көлік бұрылған кезде, Алтынбек жүгіріп, қызды жол жиегіне итеріп үлгереді. Ал тежегішті басып үлгермеген машинаның жүргізушісі жас сарбазды қағып кетеді. Түрлі жарақаттармен жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Бүлдіршінді құтқарған Алтынбектің аяқ-қолдарымен бірге тістері де сынған. Дәрігерлер азаматтың бір ай ішінде сауығып кететінін айтады. Алтынбек құтқарып қалған қыздың жақындары сол уақытта алғысын білдірсе де, емханаға бір рет те келіп, амандығын сұрамады дейді. Тіпті, ажалдан алып қалған қыздың аты-жөнін де білмейтін болып шықты.
Алтынбек ҚАБЫЛБЕКОВ, сарбаз:
«Кішкентай қыз ғой. Тартып қалған кезде, одан әрі қарай есімнен шығып кеткен. Соққыдан. 6-7 жасар қыз ғой. »