Thursday, 18 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Павлодар облысы су тасқынына қарсы дайындықты күшейтті

Павлодар облысы су тасқынына қарсы дайындықты күшейттіУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Павлодар облысында мөлшерден артық түскен қар халықты біраз әбігерге салғаны мәлім. Тас жолдар шайылып, тіпті, темір жолдың бір учаскесінде қозғалыс қиындаған болатын. Қазір бұл жолдардың барлығы қалпына келтірілді. Десе де, тоқмейілсуге әлі ерте. Құтқарушылар техникаларын сайлап, көктемгі су тасқынының екінші кезеңіне дайындықты күшейткен. Сала мамандары Баянауыл мен Май аудандарын әуеден бақылады. Бұл - жыл сайын көктемгі су тасқынынан зардап шегетін аумақтар. Қараащы, Теңдік елді мекендеріне көршілес Қарағанды облысындағы Ақжар бөгетінен ағатын су қауіп төндіреді. Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында орналасқан Ақжар бөгеті апатты жағдайда тұр. Себебі бөгет жылдар бойы жөндеу көрмеген. Биылғы қыста қар молынан түсті. Енді Баянауыл өңіріндегі бірнеше елді мекен үшін де қауіп күшейді. Бұл мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы билік су нысанын мемлекет қарауына өткізбек. Қазір жобалық-сметалық құжат әзірлеуге кіріскен.
Мой аккаунт