Кремний өндірісін 12 мың тоннаға арттыратын пеш іске қосылмақ
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Қарағанды облысында құны бір млрд теңге тұратын екі жаңа жоба жүзеге асады. «Силициум» зауытында кремний өндіретін кен термикалық пеш іске қосылады. Бұл заманауи құрылғы өндірістің көлемін жылына он екі мың тоннаға арттырады. Сонымен қатар жетпіс жаңа жұмыс орны ашылады. Техникалық кремний Ресей, Германия, Нидерланд пен АҚШ елдеріне экспортталады. Ал екінші жоба Бұқар жырау ауданында орналасқан «Волынский» шошқа кешенінде жүзеге асады. Бұл кешенде биоқалдықтарды қайта өндіретін жаңа технология пайда болды. Бірегей құрылғы биоқалдықтардан жылына екі жарым МВТ электр қуатын өндіріп шығарады. Жаңа өндіріс орнына он адам жұмысқа алынбақ. Андрей Николаев, биоқалдықтар өндірісі жобасын басқарушы -Біздің кешенде жүзеге асатын тың жоба, өнімді өз бағасына сату үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Алдағы уақыттарда біз электрқуатты тиімді бағамен сатуды көздеп отырмыз.